Accessibility links

Түркіменстан президенті 16 мыңнан астам адамға азаматтық берді


АШХАБАД. Бейсенбі күні Түркіменстан президентінің баспасөз-қызметі хабарлағандай, президет С.Ниязов үкіметке 16 мыңнан астам мигрант пен босқынға түркімен азаматтығын бергенін мәлімдеді. Президенттің айтуынша, мигранттар негізінен Тәжікстан мен Өзбекстаннан қоныс аударып келген. Тәжікстаннан босқындар осы елде 1992-1997 жылдары болған азамат соғысы барысында келген. Бірақ, босқындардың Өзбекстаннан қашан келгенін президент нақты айтпады. С.Ниязовтың сөзіне қарағанда, барлық жаңа азамат өзінің жаңа отанында бақытты өмір сүріп, Түркіменстан азаматтарының барлық жеңілдіктерін көріп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG