Accessibility links

Камчатканың шығыс жағалауында Тынық мұхит суына шөккен шағын сүңгуір қайықты құтқару операциясы жалғасуда


Ресей кемесі ол батискафты саяздау жерге сүйреп апаруға тырысуда. АҚШ пен Британия өздерінің автоматты аппараттарымен көмекке келген. Әзірше 7 кісілік батискафта қанша ауа қалғандығы белгісіз. Тынық мұхиты флоты адмиралы Федоровтың хабарлауынша, батискаф 190 метр тереңдікте жатыр.

- Соңғы 24 сағатта сүңгуір қайықты кабельдермен, торлардан босатып алу үшін бар шараны қолдандық. Тереңдік 190-200 метр болғандықтан операция өте қиын жағдайда өтуде, - деген адмирал.

Бейсенбі күні сүңгүір қайықтың пропеллері балық торына шырмалып қалған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG