Accessibility links

АҚШ-тың Хиросимаға бірінші атом бомбасын тастауына – 60 жыл!


ХИРОСИМА. Бүгін Жапонияның Хиросима қаласында АҚШ әскерінің осыдан 60 жыл бұрынғы атомдық бомбалауының құрбандарын аза тұту рәсімі болып өтті. Қаланың “Бейбітшілік” саябағына 55 мыңға жуық халық жиналды. Рәсімге бүкіл Жапония басшылығы қатысты. 1945 жылдың 6 тамызында таңғы сағат 08.15-те Хиросима қаласында АҚШ-тың соғыс ұшағынан тасталған бірінші атом бомбасы жарылып, бір сәтте 140 мыңдай бейбіт халық қырылды. АҚШ ұшағының 9-ыншы тамыз күні Нагасаки қаласына тастаған екінші атом бомбасынан тағы 80 мың жапон көз жұмды. Арада 10 күн өткен соң Жапония өзінің жеңілгенін мойындап, 2 дүниежүзілік соғыс аяқталды.
XS
SM
MD
LG