Accessibility links

Суға батқан құтқарушы сүңгуір қайықта әлі де дүйсенбіге дейін жететін ауа бар


МӘСКЕУ. Ресейдің Камчатка түбегі жағалауында 190 метр теңіз түбінде жатқан құтқарушы сүңгуір қайықтың ішінде қалған 7 теңізшіге тыныс алатын ауа дүйсенбіге дейін жетеді. Ресейдің Тынық мұхит флотының бас қолбасшысы адмирал Виктор Федоров бүгін осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қайықтағы теңізшілер өздерін “ойдағыдай” сезінеді, олардың халі “қанағаттанарлық”. Қайықты құтқару жұмыстары үшінші тәулік бойы жалғасу үстінде. Таяу сағатта құтқару жұмыстарына АҚШ пен ағылшын мамандары да қосылуға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG