Accessibility links

Пхеньянның ядролық бағдарламасы бойынша 6 жақты келіссөз тағы да тығырыққа тірелді


БЕЖИН. Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша Бежинде 12 күн бойы жалғасып келе жатқан 6 жақты келіссөз, Пхеньянның бейбіт ядролық бағдарламасын табанды түрде қорғауына байланысты, бүгін тығырыққа тірелді. Ресей делегациясының жетекшісін сілтеп көрсеткен қытайлық Синьхуа агентігінің хабарлауынша, жексенбі күні бас қосудан кейін 6 жақ үзіліске тарамақшы. АҚШ Солтүстік Кореядан ядролық ізденістерін толық жоюын талап етіп келеді. Қытай, АҚШ, Ресей, Жапония, Солтүстік және Оңтүстік Корея делегацияларының 6 жақты келіссөзі осыдан 3 жыл бұрын басталып, оның алдыңғы 3 сатысы да нәтижесіз аяқталған болатын.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG