Accessibility links

Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына арналған келіссөздер үш аптаға үзілді


БЕЙЖІҢ. Қытай өкілдерінің айтуынша, аталған келіссөздер тамыздың 29-нан кейін жалғасатын болады. АҚШ өкілі Кристофер Хиллдің айтуынша, Вашингтон Солтүстік Кореяның “бізге атомдық реакторлар энергия үшін керек” деген мәлімдемесін жоққа шығара алмайды. “Соңғы бірнеше күн Солтүстік Корея коммерциялық, немесе бейбіт мақсатта ядролық энергияны ғана емес, сонымен қатар жеңіл-сулы реакторды жасауға рұқсат талап етіп отыр,” деді АҚШ өкілі Хилл.

3-аптаға созылатын үзілістен кейін бұл мәселенің қалай шешілетіні әлі белгісіз, ал Солтүстік Корея “біз ядролық қаруларды жасап жатырмыз” деп тағы да қайталап айтты.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG