Accessibility links

Ресей теңізшілері құтқарылды


МӘСКЕУ. Ресей сыртқы істер министрлігі орыс теңізшілерді құтқаруға жәрдем бергендері үшін Ұлыбритания, Жапония және АҚШ елдеріне алғыс айтты. Бейсенбіден бері Камчатка түбегі жағалауында 200-дей метр тереңдікте жатқан шағын сүңгуір қайық Англияның адамсыз жұмыс істейтін аппараты арқылы су бетіне көтерілді, оның ішінде болған 7 теңізші аман қалды.

“Теңізшілерді құтқаруға жәрдем бергендері үшін Британдық әріптестеріме рахмет айтамын. Біз бірлесіп жұмыс істеп, құтқару операциясын сәтті аяқтадық”, - деді Ресейдің әскери теңіз флоты штабының өкілі Владимир Пепеляев.
XS
SM
MD
LG