Accessibility links

Тынық мұхиты флотының қолбасшысы адмирал Федоров Ресей сүңгуір қайығының 7 мүшесін құтқаруға қатысқан британиялықтарға ризашылық білдірді


Олар теңіз табанында 3 тәулік қалуға мәжбүр болды. Британияның жырақтан басқарылатын аппараты сүңгуір қайық ілінген трос және кабельдерді кесіп оны босатты. Ресей қорғаныс министрі Сергей Ивановтың айтуынша, тағдыр тәлкегіне кезіккен экипаждың денсаулығы ойдағыдай.

«Осыдан бес минут бұрынғы тексеруге қарағанда, экипаждың жағдайы көңілдегідей. Олар қиын жағдайда өздерін байыпты ұстай білді. Мүмкіндікті пайдаланып, мен Тынық мұхиты флотының барлық теңізшілеріне және көмек қолын бергендерге рахметімді айтамын», - деді Ресей қорғаныс министрі.
XS
SM
MD
LG