Accessibility links

Еуропа одағы Исфахандағы уран байыту бағдарламасын қайта жалғастырғандығы үшін Иранды қатты сынады


Франция сыртқы істер министрі Филлип Дуст Блазидің айтуынша, Исфахандағы ядролық зауыттың қайта іске кірісуі үлкен дағдарыс тудырады. Сондықтан министр Теһраннaн өткен жылғы Париж келісімін бұзбауды өтінді.

Ал Германия сыртқы істер министрі Йошка Фишер Иранды келіссөздерге қайта отыруға шақырып, егер Теһран ядролық қаруларын дамыта бастаса оның салдары ауыр болады, деді. Иран уран байытудағы мақсат - ядролық қару шығару емес дейді.
XS
SM
MD
LG