Accessibility links

МАГАТЭ-нің өкілдері Иранға келді


ТЕҺРАН. БҰҰ-ның Халықаралық атом энергиялық агенттігінің өкілі Мелисса Флеминг Иранның Исфаһандағы зауытында бақылау камераларын орнату үшін бірнеше күн керек болады деді. Аталған агенттік зауытта бақылау камералары толығымен орнатылмайынша Иран өзінің ядролық жұмысын бастамасын дейді. Соңғы сәтте түсткен хабарға қарағанда, Иранның атомдық энергия агенттігі басшысының орынбасары Мохаммад Саиди журналистерге берген сұхбатында Исфаһандағы зауытта уранды байыту ісінің белгілі бір бөлігі іске қосылды деді.

Иранның ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұрынғы мемлекеттік ақпарат таратудың басшысы Әли Ларижани Иранның ядролық бағдарламасына арналған келіссөздерде Теһранның басты өкілі болып тағайындалды. Керітартпа бағыттағы Ларижани Хассан Роханидің орнын басатын болды. Естеріңізге сала кетсек Теһран өзінің ядролық бағдарламасына байланысты Еуроодақпен келіссөздер бастап, уранды байыту ісін қараша айында тоқтатқан болатын. Ал өткен аптада ресми Теһран Еуроодақ тарапынан ұсынылған экономикалық және қауіпсіздік жеңілдіктерден бас тартты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG