Accessibility links

Лондондағы шабуылдарға байланысты күдіктілер бүгін сотталады


ЛОНДОН. Шілденің 21-і күні Лондонда жүзеге аспай қалған шабуылдарға байланысты негізгі күдіктілер бүгін сотқа тартылады. Күдікке ілінген 3 адам, яғни Ибрахим Муктар Саид, Рамзи Мохаммед және Яссин Хассан Омар деген кісілерге адамдарды өлтірмекші болған деген айып тағылып отыр. Ал төртінші күдікті Осман Хуссейн Римде тұтқындалған болатын. Ағылшын полициясы оны Британияға тапсыруға сұраған, бірақ Хуссейннің адвокаты Британияның шешімімен күресемін деген. Естеріңізге сала кетсек, іске аспай қалған ол шабуылдардан дәл екі апта бұрын Лондонда қатарынан 4 жарылыс болып, 52 адам қаза тапқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG