Accessibility links

Ауғанстанда америкалық сарбаз қаза тапты


Ауғанстан оңтүстігіндегі Забул провинциясында кеше америкалық күзетке шабуыл жасалғаны анықталды. Дей Чопан ауылында талибаншылар шабуыл жасады, бұдан соң АҚШ, Ауғанстан және батыс бірлестігінің сарбаздары қайыра шабуыл жасады. Америкалық бір сарбаз қаза тапты, Талибан жасағы тарапынан 16 жауынгер өлтірілді. Ауғанстанның Ғанзи провинциясында талибаншылар кеше шабуыл жасап, екі жергілікті тұрғын қаза тапты. Ауыл тұрғындары талибаншыларға тойтарыс берді, Талибанның екі жараланған жауынгері қамауға алынды.
XS
SM
MD
LG