Accessibility links

Ирақта қақтығыстар бүгін жалғаса түсті


Ирақ бас министрі Ибрахим Жафари ел конституциясының жобасы жайында бір қатар саяси жетекшімен кездеседі. Конституция жобасында бір қатар басты мәселеде келісім табылмай отыр. Келіссөздерге аймақтардан күрд басшысы Масуд Барзани сияқты маңызды тұлғалар келді. Ирақта қақтығыстар жалғаса түсті. Шабуылшы жанкешті жолда кетіп бара жатқан АҚШ әскери көліктерінің маңында машинадағы бомбасын жарды, кемінде үш адам қаза тапты, кемінде 11 адам жараланды. Бағдадта бірнеше қақтығыста полицияның он сарбазы қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG