Accessibility links

"Дискавери" сәтті қонды


Америкалық "Дискавери" ғарыш кемесі Калифорния штатындағы "Эдуардс" әскери базасында сәтті қонды. Кеменің ғарыш орбитасынан түсіп жердің әуе кеңістігіне кіру сәті - ең қиын сәт. Дәл осы сәттен "Колумбия" кемесі 2003 жылы ақпанда өте алмай, апатқа ұшыраған, кеме ішіндегі барлық жеті ғарышкер қаза тапқан. "Дискавери" кемесі Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш орталығында дүйсенбі күні қону керек еді. Бірақ ауа-райының нашарлығынан ол енді Калифорния штатындағы қосымша алаңға қондырылды. "Дискавери" кемесінің жеті ғарышкері орбитада 14 күн болды.
XS
SM
MD
LG