Accessibility links

Пхеньянның ядролық бағдарламасы мәселесі қашан шешіледі?


ВАШИНГТОН. АҚШ өкілі Кристофер Хилл Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына арналған 6-жақты келіссөздер басталмас бұрын Пхеньян мен Вашингтон өкілдері өзара кездесуі мүмкін деді. Бұл туралы Кристофер Хилл Бейжіңнен Вашингтонға келгенде айтты. Естеріңізге сала кетсек, Пхеньянның ядролық қаруыы маңайындағы дағдарысты шешу мақсатында АҚШ, Жапония, Қытай, Ресей, Солтүстік және Оңтүстік Корея елдері Бейжіңде 13-күн бойы келіссөздер өткізіп, ортақ бір мәмілеге келмеген болатын. Аталған келіссөздер тамыздың 29-нан кейін одан әрі жалғасады деп жоспарланған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG