Accessibility links

Ирақта Конституция жобасы талқылануда


БАҒДАД. Ирақ басшылығы елдің жаңа Конституциясының даулы тұстарын шешу мақсатында келіссөздер өткізуде. Ауа райының бұзылуына байланысты елдің жоғары лауазымды саясаткерлері Бағдадқа келе алмаған, бірақ бұған қарамастан президент Жалал Талабани жоспарланған жиналысын өткізіп, жиналысқа қатысқан басшылармен конституция жобасын талқылады. Ирақтың Ата заң жобасы тамыздың 15-не дейін дайын болуы керек.

Басқа да хабарларға қарағанда, Ирақта зұлымдық жалғасуда. Бағдадтың орталығында жанкешті жарған бомбадан кемінде 4 адам қаза тауып, 50-ден астам кісі жараланды. Сонымен қатар, Бағдадта орын алған қақтығыстардан 10 полиция қызметкері құрбан болды.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG