Accessibility links

Иран президенті Еуроодақтың ұсынысын “кемсіту” деді


ТЕХАС. АҚШ президенті Джордж Буш Иранның ядролық амбицияларына күдікпен қарайтынын айтты. Буш мырза, сондай-ақ, Иранның жаңа президенті Теһранның ядролық бағдарламасына арналған келіссөздерді жалғастырады деген үмітін білдірді. Бұдан бұрын ресми Теһран Исфаһандағы уранды байыту ісін қайта қосқанын жариялады. Ал Иран президенті Махмұд Ахмадинежад Теһранның ядролық бағдарламасына арналған келіссөздердің жалғасуын қалаймын деді. Бірақ Ахмадинежад Еуроодақ тарапынан жасалған ұсынысты “кемсіту” деп бағалады.
XS
SM
MD
LG