Accessibility links

Чешенстанда ресми билік пен Ресей өкілдеріне қарсы қастандықтар толастар емес


ГРОЗНЫЙ. Чешенстанның Шелков ауданында Гудермес аудандық милициясының қызметкері мен жергілікті тұрғын отырып келе жатқан автокөлік атқыланып, екеуі де оққа ұшты. Біздің жергілікті тілшіміздің хабарлауынша, милиция қызметкерінің қаруы ұрланды. Грозный қаласының Старопромыслов ауданында террорға қарсы күрес орталығының қызметкерлері отырып келе жатқан автокөлікті арнайы әскери киім киген 5 адам оқтың астына алып, бір кісі қаза болып, екеуі жараланды. Веден ауданында фугастың жарылысынан ішкі істердің бір жауынгері жарақат алды.
XS
SM
MD
LG