Accessibility links

Теһран Еуроодақтың соңғы ұсынысын қабылдамай, өз тарапынан жаңа ұсыныс бермекші


ВЕНА. Иранның уранды байыту өндірісін қайта іске қосуына байланысты Венада атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ басқармасының кеше басталған төтенше мәжілісі бүгін тағы жалғасты. Иран өзінің уранды байыту өндірісін дүйсенбі күні іске қосты. Иранды өзінің ядролық бағдарламасынан толық бас тартуға көндірмек болған Еуроодақтың іс-әрекетінен еш нәтиже шықпады. Дегенмен де сейсенбі күні Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад, Теһранның жаңа ұсынысы бар екенін ерекше атап көрсетіп, Еуроодақпен арадағы келіссөзді жалғастыруға әзір екенін мәлімдеді. Англияның МАГАТЭ-дегі елшісі Питер Дженкинстің мәлімдеуінше, Иран президенті Еуроодақтың ұсынысын Теһранның намысына “тиді” деп бағалап, осы ұсынысы үшін кешірім сұрауды талап етті. “Менің бар айтарым, деп атап көрсетті ағылшын дипломаты, Теһран ондай кешірімді тым ұзақ тосатын болады”.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG