АСТАНА. Бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі “құс тұмауының” адамға қатерлі H5N1 деген атауымен белгілі вирусының аңғарылғанын растады. Осыдан 6 күн бұрын “құс тұмауына” шалдыққан оқиғаның болғанын хабарлаған министрлік, сондай-ақ, оқиға болған Павлодар облысындағы Голубовка ауылында карантин енгізілгенін хабарлады. Бұл облыс – алғаш рет “құс тұмауының” H5N1 вирусы аңғарылған Ресейдің бірқатар облысымен шекаралас жатыр. Аталған вирустан 2003 жылдан бері қарай Азияның бірқатар елінде 50-ден астам адам қаза тапты. Бұл дерттен әзірше Қазақстан мен Ресейде жабайы және үй құстары қырылып, енді адамға да жұқпай ма деген қауіп бар. Қазақстаның ауыл-шаруашылық министрлігі сейсенбі күні республикада “құс тұмауына” шалдыққан оқиғаның тіркелмегенін хабарлады.