Accessibility links

Польша Мәскеудегі бұзақылыққа байланысты ресми шағым түсірді


Польша Мәскеу қаласында дипломаттарының соққыға жығылуына байланысты ресми шағым түсірді, елшілік қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамту үшін кеңірек шара қолданылсын деп талап қойды. Польшаның Ресейдегі елшілігі Ресей сыртқы істер министрлігінен кешегі шабуылды іске асырғандар сотқа тартылсын деп талап қойды. Польша дипломаты кеше соққыға жығылып, бір қатар жарақатпен ауруханаға түсті. Мұның алдында елшіліктің екі қызметкеріне шабуыл жасалды. Ал 31 шілде күні Польша астанасында Ресей дипломатының үш баласы мен қазақстандық ересек бала тоналып, соққыға жығылған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG