Accessibility links

Иранда су тасқындарынан 32 адам қаза тапты


Иранның Гүлістан провинциясында су тасқындарынан 32 адам қаза тапты, 6 адам жоғалып кетті. Екі тәулік бойы тоқтамай жауған нөсер Қалалех қаласының маңында 70 астам ауылға зақым келтірді. Кемінде 350 жанұя баспанасыз қалды. Олар қазір күркелерді паналап отыр, соңыра таман тыныш жерге көшірілмек. Нөсер жауын талай жолды шайып кетті, диқаншылардың егіндері мен мүліктеріне, мал мен фермаларға жаппай шығын әкелді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG