Accessibility links

Ирақ шииттеріне автономия берілсін деп ұран айтылды


Ирақ шииттерінің басшысы Абдұл Әзіз Әл-Хакім шиитер тұратын аймаққа автономия берілсін деп ұран тастады. Шиит басшысы ұсынысын Наджаф қаласында демонстрация кезінде ондаған мың халықтың алдында айтты. Рейтерс агенттігі мұндай автономиялық аймақ құрылса – оған Ирақ халқының жартысы кіріп кетеді, жер көлеміне Басра қаласының төңірегіндегі мұнайға бай аудандар өтіп кетеді дейді. Ирақ бас министрінің өкілі Ляйт Құбба шиитерге жеке аймақ ашып беру ұсынысын қабылдау мүмкін емес деді. Бағдадта жаңа конституциясының жобасы талқылану үстінде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG