Accessibility links

Халықаралық атом энергетика агенттігі Иран мәселесін талқылап жатыр


Халықаралық атом энергетика агенттігі Иран уран байыту саласында барлық қызметін тоқтатсын деген талап қою жайында қаулының жобасын талқылап жатыр. Қаулы жобасында агенттік директоры Мұхамед Эль-Барадей Иран ядролық қаруды тараптпау жөніндегі халықаралық келісімді қалай орындап жатқанын тексерсін деп ұсынады. Дегенмен, Иран мәселесі шектеу шараларын еңгізе алатын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне шығарылсын деп жобада көрсетілмеген. Қаулы жобасын Еуропа Одағы кіргізіп отыр. Жобаны агенттіктің 35 мүшеден тұратын алқасы бүгін талқыламақ. Иран Еуропа Одағының экономикалық және саяси ұсыныстарын қабылдамай, уран байытуды бастауға кірісіп жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG