Accessibility links

Әзірбайжанда оппозиция кеңсесіне тағы шабуыл жасалды


"Шекарасыз журналистер" деген халықаралық ұйым Әзірбайжан оппозициялық партия мен оппозициялық газет кеңселеріне жақында жасалған шабуылдарға сөгіс айтты. Ел президенті Ильхам Әлиевке қолдау айтқан 200 шақты азамат кеше "Халық майданы" партиясының бас кеңсесіне тағы баса көктеп кірмек болды. Шабуылшылардың көпшілігі – "Мұасир Мұсават" партиясынан екен, олар оппозициялық партия армян тыңшыларымен сыбайлас деп дауласып отыр. Әзірбайжанда қараша айында парламенттік сайлау өтуге тиіс. Оппозиция белсенділері сайлау қарсаңында қудалау күшейе түсті дейді.
XS
SM
MD
LG