Accessibility links

Құс тұмауы Қазақстанның тағы үш ауылында шықты


Адам денсаулығана қауіп төндіретін құс тұмауы Қазақстанның тағы үш ауылында – Ақтөбе және Қарағанды облыстарында шықты. Бұл туралы бүгін ауыл шаруашылық министрлігінің өкілі Талғат Абылғазин мәлім қылды. "Эйч-5-Эн-1" вирусы Қазақстанда ең алдымен Павлодар облысы Голубовка ауылында шыққан. 2003 жылдан бері мұндай вирустан Азия құрлығында елуден астам адам қайтыс болған. Қазақстан мен Ресейде адам шығыны болмаса да, құс тұмауы осы елдерден енді Еуразия бойынша тарайды деген қауіп айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG