Accessibility links

Польша президенті Ресейде поляктарға жасалған шабуылдар “ұйымдастырылған” деді


ВАРШАВА. Польша президенті Александр Квасневски Ресей президенті Владимир Путинді Ресейдегі поляктардың қауіпсіздігіне кепілдік беруге шақырды. Жақында Мәскеуде Польшаның 2 дипломаты мен бір журналисі соққыға жығылған болатын. Квасневски бұл шабуылдар “ұйымдастырылған” деді. Оның айтуынша, бұндай оқиғалар Мәскеу мен Варшаваның арасында теке-тірестің пайда болуына түрткі болады. Ал шілденің 31 күні Польша астанасында Ресей дипломаттарының балалары соққыға жығылған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG