Accessibility links

Батыстық саяси зерттеу орталықтарымен қызметтес Орталық Азия елдері бойынша сарапшы Игорь Ротар Тәшкен әуежайында тұтқындалды


ТМД елдерін зерттейтін Джеймстаун фаундейшн және Форум 18 орталықтары Ротардың полиция қолынан азаттыққа шығарылуын талап етті. Ресейлік азамат Ротарға Өзбекстан визасы қажет емес екендігін ол жақсы білген.

«Игорь түгелдей қоғам үшін жазатын журналист. Бұл салада ол өте беделді. Ол ақиқатты жазады. Бұл Өзбекстандағы діни еркіндік баспасөз бостандығы үшін аса маңызды жағдай, - дейді, Форум 18 редакторының орынбасары Джон Кинах.

Джеймс фаундейшн орталығының суреттеуінше, Ротар Орта Азиядағы Ислам қозғалысы бойынша жетекші сарапшылардың бірі.
XS
SM
MD
LG