Accessibility links

“Раушангүл” және “қызғылт-сары” төңкерістері нәтижесінде билік басына келген В.Ющенко мен М.Саакашвили “жаңа одақ” құруға шақырады


БОРЖОМИ. Кеше Украина мен Грузияның президенттері В.Ющенко мен М.Саакашвили адам құқын қорғаудың мызғымас құралы болатын “Демократияны таңдаған достастық” одағын құруға шақырды. Олардың айтуынша, Балтық пен Қара теңіз жағалауы және Каспий аумағының демократиялық елдерін біріктіретін жаңа одақ - осы күзде Украинада өтетін бас қосуда құрылып, АҚШ пен Еуроодақ және Ресей бақылаушы ретінде шақырылмақшы. Грузияның Боржоми курортындағы бас қосуында Украина мен Грузия лидерлері өздерінің “демократияның жаңа дәуірін, Еуропадан бастап, Атлантикадан Каспий теңізіне дейінгі қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты және бейбітшілікті нығайтуға ұмтылатындарын” мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG