Accessibility links

Палестиндіктер – астанасы Иерусалимде орналасқан ұлттық мемлекетін құруға үміттенеді


РАМАЛЛА. Израиль Газа аймағынан кеткен соң палестиндіктер - астанасы Иерусалимде орналасқан өз мемлекетін құра алады. Газадан еврей қоныстарын көшіруі қарсаңында осы аймақта кеше өткізілген митингіде Палестина автономиясының лидері Махмуд Аббас осылай деп мәлімдеді. Өз кезегінде Израиль премьер-министрі Ариэль Шарон Иерусалимді бөлісу мәселесі Палестина жағымен талқыланбайды деп мәлімдеді. Ол, сондай-ақ, Газадағы 21 еврей қонысын тастап көшуге тиісті еврейлерден кешірім сұрайтын ниеті жоқтығын атап көрсетті. Кеше Тель-Авивте еврей қонысарын көшіруге қарсы 150 мыңнан адамның наразылық шеруі болды.
XS
SM
MD
LG