Accessibility links

АҚШ-тың қаржылай қолдауымен Тәжікстанда тәуелсіз 5 радиоарна ашылмақшы


ДУШАНБЕ. Тәжікстанда тәуелсіз 5 радиобекетін құруға АҚШ 887 мың доллар қаржы бөлді. Баспасөз құралдарын қолдайтын халықаралық “Интерньюс” ұйымының тәжік бөлімінің директоры Трой Этелейннің айтуынша, радиобекеттердің болашақ қызметкерлері алдағы 1,5 жылдың ішінде кәсіби дайындықтан өтеді. Оның хабарлауынша, осы дайындықтан кейін 5 радиоарна “Интерньюстан” тіпті тәуелсіз жұмыс істейтін болады.
XS
SM
MD
LG