Accessibility links

Иранның жаңа президенті елдегі кертартпа діни күштердің үстемдігіне ерік береді


ТЕҺРАН: Бүгін Иранның жаңа президенті Махмуд Ахмадинеджад өз үкіметінің құрамын ұсынуға тиіс. Өткен аптада ол президент лауазымында 8 жыл болған Мухаммад Хатамидің реформаларын жалғастыруға уәде берді. Журналистердің пікірінше, Ахмадинеджадтың тұсында діни кертартпа күштер елде толық үстемдік ететін болады. Махмуд Ахмадинеджад билікке Иранның ядролық бағдарламасын қайта іске қосуына халықаралық қысым күшейген кезінде келді. Кеше атом энергиясы бойынша МАГАТЭ агенттігінің өкілдері Иранды Исфахандағы уранды байыту өндірісін тоқтатуға көндіру үшін Теһранға келді. МАГАТЭ делегациясы Исфахандағы және басқа да ядролық нысандарды тексермекші.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG