Accessibility links

Сыртқы істер министрінің қазасы Шри-Ланкадағы бейбіт келіссөзге бөгет бола алмайды


КОЛОМБО. Шри-Ланканың үкіметі сыртқы істер министрі Лакшман Кадирмагардың қазасына қатысы барлығын жоққа шығарған тамил сепаратистерінің мәлімдемесіне сенбейді. Үкіметтің кеше мәлімдегеніндей, бұл өлім – Шри-Ланкада Норвегияның дәнекер болуымен өтіп жатқан бейбіт келіссөзге үлкен соққы болып тиді. Жұма күні қаза болған министр – тамилдердің үкімет құрамындағы жалғыз өкілі болатын әрі сепаратистерді қолдамай келді. Дегенмен де Шри-Ланка үкіметінің өкілі: “Біз кісі өлтіруге түбегейлі наразымыз және оған қапамыз. Дегенмен де мұндай хауандық әрекет біздің бейбіт процесті жалғастырмақ ниетімізге бөгет бола алмайды.” –деп мәлімдеді. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс бұл оқиға Шри-Ланкадағы азамат соғысының қайта жалғасуына түрткі болмас деген үмітін білдірді.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG