Accessibility links

18 тамыз күні Қытай мен Ресейдің қарулы күштері бірлескен ең бірінші жаттығуы басталады


БЕЖИН. Ресей мен Қытайдың әскери теңіз күштері бұрын-соңды болып көрмеген әскери жаттығуын бірлесіп өткізетін аймаққа шоғырлана бастады. Осы аптаның басында Ресейдің Тынық мұхиты флотының соғыс кемелері Қытайдың шығысындағы Циндао портына келіп тоқтады. 18 тамыз күні басталатын әскери жаттығуға Ресейдің соғыс кемелері мен басқа да әскери күштері қатысады. Қытайдың қорғаныс министрлігінен хабарланғандай, бұл жаттығу екі елдің қарулы күштерінің халықаралық терроризм мен экстремизмге және сепаратизмге бірлесе соққы беруін пысықтайтын болады.
XS
SM
MD
LG