Accessibility links

Қырғызстанның жаңа елбасы Құрманбек Бакиев сыртқы саясатта тәуелсіздік бағытын ұстанатындықтарына уәде берді


Аталған уәдесін елбасы тамыздың 14-і күнгі таққа жайғасу салтанаты барысында сөйлеген сөзінде айтты. «Қырғызстан біреулердің геосаяси қызығушылықтарын жүзеге асыратын жерге айналмайды», деді Бакиев мырза. Нақты бір елді атамастан елбасы Қырғызстанның өзге елдер қызығушылықтарын сыйлайтындығын, алайда қырғыз халқы мен мемлекетінің қызығушылықтары және тәуелсіздігі мен егемендігінің ең бірінші орында екендігін айтты.

Қырғыз жерінде АҚШ-тың және Ресейдің әскери базалары тұр. Көршілес жатқан Өзбекстан үкіметі АҚШ күштерін өз жерінен шығарып әкетуді талап еткелі бері қырғыз жерінде тұрған базалары Америка үшін аса маңызды бола түсті. Бакиев мырзаның таққа жайғасу салтанаты Бішкектегі басты алаңда орын алды. Оған жиналған 5000-дай халық қатарында әлемдік және басқа да халықаралық ұйымдар басшылары қатысқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG