Accessibility links

Министрдің қазасына қарамастан, Шри-Ланка президенті тамил бүлікшілерімен келіссөзін үзбейді


КОЛОМБО. Шри-Ланканың сыртқы істер министрі Лакшман Кадирмагардың жұма күні Коломбо қаласында қастандықтан қаза болуын тергеудің барысында кеше тамилдердің ішінен 15 күдікті ұсталды. Министр жұма күні белгісіз мергеннің оғына ұшты. Оны бүгін жерлемекші. Полиция өкілінің хабарлауынша, қастандыққа байланысты 100-ге жуық адам тергеуге алынды, бүкіл елге орнатылған төтенше жағдайдың барысында күдіктілердің ізін кесуге 1 мыңнан астам полицей жұмылдырылды. Тамил бүлікшілері бұл қастандыққа қатысы жоқтығын мәлімдеп отыр. Шри-Ланка президенті Чандрика Камаратанга тамилдермен арадағы келіссөзді жалғастыру қажеттігін атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG