Accessibility links

Жолаушы ұшағының апатына ұшқыштардың кабинасындағы ауа қысымы себеп болды ма?


АФИНА. Кипрлік әуе лайнерінің апатына ұшқыштардың кабинасындағы ауа қысымының құлдырауы себеп болуы ықтимал. Жолаушы ұшағының Афина түбіндегі кешегі апатынан 121 адам, оның ішінде 48 бала құрбан болды. Басым көпшілігі – Кипр азаматтары. Боинг-737 ұшағымен арадағы байланыстың үзілуінен кейін оны қондырмақ болған 2 әскери ұшақтың грек ұшқыштарының хабарлауынша, ауа маскасын киген лайнер ұшқыштарының бірі кабинаның еденінде құлап жатқан көрінеді. Кипрлік “Гелиос эруэйз” компаниясының Боинг-737 ұшағы Афинаға аялдап, Ларнаки мен Прага арасында қатынап келген. Кипрде 3 күндік аза тұту жарияланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG