Accessibility links

Кипрлік Боинг-737 ұшағының жолаушылары мен ұшқыштары апаттан бұрын-ақ қаза болған


АФИНА. Кипрлік әуе лайнерінің жолаушылары мен ұшқыштары кемедегі ауаның жетіспеуі салдарынан ұшақ жерге құламай тұрып-ақ қаза тапқанға ұқсайды. Жолаушы ұшағының Афина түбіндегі кешегі апатынан 121 адам, оның ішінде 48 бала құрбан болды. Басым көпшілігі – Кипр азаматтары. Боинг-737 ұшағымен арадағы байланыстың үзілуінен кейін оны қондырмақ болған 2 әскери F-16 ұшағының ұшқыштары лайнердің бетіне ауа маскасын киген бір ұшқышы кабинаның еденінде құлап жатқанын хабарлаған. 2 “қара жәшіктің” бірі табылды. Кипрлік “Гелиос эруэйз” компаниясының Боинг-737 ұшағы Афинаға аялдап, Ларнаки мен Прага арасында қатынап келген. Кипрде 3 күндік аза тұту жарияланды.
XS
SM
MD
LG