Accessibility links

Ирақта шетелдік басқыншылыққа қарсы көтеріліс басшыларының бірі қаза тапты


БАҒДАД. Ирақтағы бүліктің көсемі, иорданиялық лаңкес Әбу Мұсаб Әз-Зарқауидің жақын көмекшісінің бірі қаза болды. Әбу Зубаир деген лақап атымен белгілі Мухаммад Салаһ Сұлтан – жұма күні Мосул қаласында оққа ұшты. АҚШ әскерилерінің мәлімдеуінше, қаза болған Әбу Зубаирдің беліне жарылғыш немесе “шаһид белбеуі” байланған көрінеді. Өткен аптада АҚШ пен Ирақ күштері Мосул қаласында қолдан бомба жасайтын 3 шебер мен 6 шетелдік партизанды қолға түсірді және 100-ге жуық жарылғышты залалсыздандырды.
XS
SM
MD
LG