Accessibility links

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 60 жыл толды


ТОКИО. Осыдан тура 60 жыл бұрын Жапония екінші дүниежүзілік соғыста өзінің жеңілгенін мойындап, адамзат тарихында теңдесі болмаған қантөгіс аяқталды. Бүгін Токиода жапон премьер-министрі Дзюничиро Коидзуми соғыстың аяқталуына арналған жыл сайынғы рәсімге келуге тиіс. Ол соғыста қаза болған 2,5 млн. жапон жауынгеріне арналып тұрғызылған синтоистік “Ясукуни” мемориалына барып тағзым етпейтінін мәлімдеді. Өйткені, оның мұндай қадамы мемориалды бұрынғы империялық Жапонияны насихаттайды деп қабылдайтын Қытай мен Оңтүстік Корея тарапынан наразылық туғызуы мүмкін. Кеше Солтүстік Кореяның делегациясы жапон үстемдігінің аяқталуының 60 жылдығы тойына Сеулге келді.
XS
SM
MD
LG