Accessibility links

Екінші дүние жүзлік соғыста Жапонияның тізе бүккенінің 60 жылдығы Азияда тойлануда


Токиодағы салтанатта сөйлеген сөзінде өкімет басшысы Юничиро Койзуми көршілес елдерге Жапонияның сол тұста әкелген ауырпалықтары мен салған жарасы үшін кешірім сұрады. Ол сондай-ақ Ясукуни қабірханасы мен Шинто ескерткішіне бармайтындығын айтты. Ол жерлерде соғыста қаза болған екі жарым миллиондай жапондықтар рухына тағзым ету белгіленген еді. Койзуми мырзаның бұл жерлерге баруы Қытай мен Оңтүстік Кореянының ашу-ызасын туғызар еді. Қытай полициясы Бежіңдегі Жапон елшілігін қарауылдауда. Ал, шерушілер болса, Хоң-Коңдағы Жапон консулдығына қарай сапар шегісті.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG