Accessibility links

Израйльдің Газа аймағынан шығу үдерісі басталып кетті


Дүйсенбі күні солдаттар Газадағы 21 еврей мекендерінде үйді-үйге кіріп, көшу жөнінде хатты тапсырды. Алайда Газадағы ең ірі мекен Неве Декалимде бірнеше жүздеген тұрғындар әскерилердің аймаққа енуіне жол бермес үшін кіре берісті жауып тастасты. Бұл хат бойынша, тұрғындардың сейсенбінің түніне дейін өз еріктерімен көшулеріне мұрсат беріледі. Содан кейін күштеп шығару жүзеге асырылмақшы. 1967-ші жылғы Таяу Шығыс соғысы кезінде басып алынған Газадағы және Батыс жағалаудағы төрт мекеннен еврей тұрғындарын көшіру жоспарланған болатын. Мұндай жоспар Израйль қауіпсіздігі үшін қажет, дейді өкімет басшысы Ариель Шарон. 8 мыңдай Газадағы еврей тұрғындары өз еріктерімен көшті. Ал біразы қарсыласып бағатындықтарына уәде беруде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG