Accessibility links

Баспасөзге шолу. 08.12.2005 жыл

  • Досан БАЙМОЛДА

Жұма күні Қазақстанда жарық көретін басылымдардың басым көпшілігі Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың Алматы облысына сапары кезінде жасаған кадрлық өзгерістері туралы, сондай-ақ әлем базарында қара алтынның құны өсе түскенін, ал бұдан Қазақстанға келер қандай пайда барлығы туралы жазыпты.

«Айқын» басылымы өзінің жұмалық санында «Елбасы министрды әкім, әкімді министр етті яғни Үмбетов Талдықорғанға келіп,Шалбай Астанаға кетті» деген тақырыппен президент Н.Назарбаевтың Алматы облысына сапары кезінде жасаған кадрлық өзгерістері туралы көлемді мақала жариялапты. Газет тілшісі Болат Абағанның жазуынша елбасы Жетісу өңірі - Алматы облысына бейсенбі күні бастаған жұмыс сапарын Талдықорған қаласындағы соңғы заман үлгісімен күрделі жөндеуден өткен әуежай құрылысымен танысудан бастаған.Бұдан соң Талдықорған қаласында салынып жатқан тұрғын үйлер кешенімен танысып жалпысы облыстағы жүріліп жатқан жұмыстарға көңілі толатындығын білдіріпті. Кадрлық өзгерістердің шебері атанған Н.Назарбаев осы жолғы Жетісу өңіріне сапары барысында ешкім күтпеген тағы бір жаңалық әкелді, яғни облыс әкімшілгі ғимаратында өткен кездесуде ол облыс әкімі Шалбай Құлмахановтың атқарған жұмыстарына риза екенін айта отырып оны төтенше жағдайлар министрі етіп тағайындағанын жалпақ жұртқа естірткенде зал іші тым тырыс болды деп жазады газет тілшісі. Ш.Құлмахановтың орнына облыс әкімі болып бір кезде осы Алматы облысын басқарған, одан Жамбыл облысына әкім болған ал бүгінге дейін ауылшаруашылық министрі болған Серік Үмбетов тағайындалды. Ал бұл өзгерістердің артында қандай сыр барына дәл қәзір бал ашып айта қою сәл ертерек деп жазады «Айқын» басылымы.

Жалпы, президент тарапынан болатын осындай ешкім күтпеген кадрлық өзгерістер тақырыбын қозғай кетуді жөн көрген «Жұма-Таймс» басылымы жуырдағы президент жарлығымен өзінің күйеу баласы Рахат Әлиевтің Қазақстанның Австриядағы және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы жанындағы елшісі қызметінен Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалуына байланысты алда билікте кадрлық өзгерістер болатындығы туралы болжам жасайды. Газеттің жазуынша алдағы қыркүйек айында қәзіргі үкімет өзгеріп, бас министр Даниал Ахметов пен сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев отставкаға кетеді. Ал Тоқаевтың орнына министр болып президент күйеу баласы Рахат Алиев жайғаспақшы. Сондай-ақ алдағы күндері Қ.Тоқаев АҚШ-қа барып, мемлекеттік хатшы Кондализа Райс ханыммен кездеспек. Осы кездесуде оның БҰҰ-ның бас штаб пәтерінен бір лауазымды жұмыс алу мәселесі шешілмек деп жазады «Жұма-Таймс».

«Жас қазақ» басылымы өзінің жұмалық санында тілші Берік Тұрғанбекұлының «Қара алтынның құны мен мұңы» деген тақырыппен экономика мәселесін қозғаған көлемді бір мақаласын жариялапты. Бейсенбі күні мұнайдың әлемдік бағасы Нью-Иорк биржасында бір баррелі 63 доллар 94 центке дейін көтерілді. Батыстың белгілі бір сараптама тобы қысқа дейін мұнай бағасы 100 долларға дейін жетеді деген болжам жасаған, ал бірақ бұны әдейі жарияламай отырған көрінеді деп жазады газет тілшісі. Мұнай бағасының бұлай көтерілуі әлемдегі геосаяси тұрақсыздықтың орын алуына, лаңкестіктің өршуіне, АҚШ-тағы энергетикалық ахуалға тікелей байланысты болып отырған көрінеді. Газет тілшісі Қазақстан өзіндегі мұнайды әлемдік валютаға айналған долларға сатуға мәжбір жағдайда осы АҚШ банкноты доллардың бір талы небәрі 3-8 цент тұратын қағаз екеніне көңіл аудармаймыз десе, осы тақырыпты қозғаған «Литер» басылымы мұнай бағасының өсуі Қазақстан үшін жақсы ма жоқ әлде жаман ба деген сұрақ төңірегінде бірқатар сарапшылар пікірлерін ұсыныпты.

Мәжіліс депутаты,бюджет және қаржы комитетінің мүшесі Нұртай Сабильянов Қазақстан үшін мұнай бағасының көтерілуі оңды рөл атқарады өйткені бюджеттің кірісі көп жағдайға осы мұнайдан түскен қаржы мен салықтан түскен ақшаға байланысты болмақ десе экономикалық зерттеулер институтының макроэкономика орталығының директоры Шолпан Сапарғали, екінші жағынан экономиканың тек қана энергоресурсарына тәуелді болуы бұл елде «голланд ауыруын» туғызады, яғни елге аса көп көлемде валюталар ағылып оларды іске қосуда қиыншылықтар туындайды деген пікір айтыпты.
XS
SM
MD
LG