Accessibility links

Гватамела түрмелерінде 2 қылмыстық топтың мүшелері өзара пышақтасып, 30 адам өлді


ЭСКУИНТЛА. Гватамела полициясының хабарлауынша, кеше елдегі бірнеше түрмеде бақталас бригадалардың бір-бірімен пышақ, қару және граната қолданып қақтығысуынан кемінде 30 тұтқын қаза болды. Түрме басшыларының мәліметі бойынша, полиция тәртіп орнатып болғанша тағы 80-ге тарта тұтқын түрлі жарақат алды. Бұл қантөгіс Оңтүстік Американың Гватамела еліндегі ең ірі “Мара Сальватруха” және “Мара-18” деп аталатын 2 қылмыстық топтың арасынан шыққан. Жанжалдың неден шыққаны белгісіз. Бірақ Эскуинтла полициясы бастығының пікірінше, Мара Сальватруха тобының мүшелері бақталас топ өкілдерінің көзін жоймақшы болған көрінеді.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG