Accessibility links

121 адамымен апатқа ұшыраған жолаушы ұшағының 2 “қара жәшігі” тексеруге жіберілді


НИКОСИЯ. Кеше Кипр полициясы Афина арқылы Ларнаки мен Прага арасын қатынайтын жолаушы ұшағы апатқа ұшыраған “Гелиос эруэйз” әуе компаниясының Никосиядағы кеңсесін тінтіді. Полицияның хабарлауынша, тінту Кипрдің бас прокурорының нұсқауы бойынша жүзеге асырылып, қылмыстық істі тергеуге қажетті құжаттар мен айғақтар ізделді. Тергеушілердің пікірінше, 121 жолаушы мен ұшқыштар ауаның жетіспеуінен және суықтан үсіп ұшақ Афина маңында жерге құламай жатыпақ қаза болған. Техникалық ақаулықтың салдарынан ұшақтың ішінде ауа тез таусылып, қатты суыған. Ұшақтың 2 “қара жәшігі” табылып, Францияға тексеруге жіберілді.
XS
SM
MD
LG