Accessibility links

Діни бостандық америкалық мұсылмандар үшін қолайлылық туындатуда

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Лондондағы бомбалық шабуылдардан кейін ондағы мұсылмандардың наразылықтарына баса назар аударылуда. Осы орайда америкалық мұсылмандардың көңіл-күй, көзқарасын білу мақсатында Азаттық радиосының Уашингтондағы тілшісі Андрю Тюли сондағы біраз мұсылмандармен сөйлескен еді. Олар Американың қазіргі сыртқы саясатымен келіспеуі мүмкін. Бірақ олар Америкаға өкпелі емес, дейді мақала авторы.

Замер Мирза деген азамат мұнда Америкада тұрсам, деген арман жетегінде ғана емес, сондай-ақ сол кезде Құрама Штаттарынада тұрып жатқан бауырының қолқалауымен келеген екен. Азаттық радиосының тілшісімен Мирза мырза Уашингтонның шетінде орналасқан Мұсылман Қауымдастығы орталығында сөйлескен болатын. Ол кездері Мирза өз елі Пәкістанда да фармацефтика саласында тәп-тәуір іс жүргізген екен. Ол мұнда да сол салада жұмысын жалғастырып келеді.

“Өз еліңе жетер жер жоқ. Ал, шетелде тұру қажеттілігі туындап жатса, адам баласы үшін Америка - ең қолайлы ел. Заңды бұзбасаң, мықтап жұмыс істеймін десең, мұнда мүмкіндіктер көп”, - дейді ол.

Мирзаның бұл пікірімен Ғаналық Мұхамед Бабах та келісуде. Мұсылман иммигранттарының бұл ел тұрмысына, мәдениетіне тезірек бой үйретуіне осы Ислам Қауымдастығы орталығы көмектеседі, дейді Бабах.

“Біз бұл жерге келгенде мұнда өз сенімдерімізге қайшы болатын мәдени жағдайлардың бар екендігін, сондай-ақ мұнда Мұсылмандардың да бар екендігін біліп келгенбіз. Қоғамнан бөлектенбей, өзіңді дұрыс ұстасаң, бәрі де дұрыс болады”, - дейді Бабах.

Бұл орталықта Ислам жайлы еркін мағлұматтар алуға болады. Алайда “аталған орталық Мұсылмандардың қоғамнан бой тасалайтын орыны”, деген жаңсақ ұғым қалыптаспаса керек. Себебі Америка қоғамында бізге жаулық пиғыл жоқ, дейді ол.

Мирзаның айтуынша, Америкадағы мұсылмандардың кемшілігі- 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін өз пікірлерін білдірместен, үнсіз қалғандығы. Соның нәтижесінде олар саяси салада байсалды көзқарастарын білдіре алмай, былайғы жұрттың барлық мұсылмандарға шетінен дайын тұрған лаңкестер сияқты қарауына алып келген. Уашингтонда орналасқан Америка-Ислам байланыстары кеңесінің ұлттық ақпарат директоры Ибрагим Хупердің пікірі де осыған саяды:

“Менің ойымша, америкалық Мұсылмандар белгілі бір кезеңде кемсітушілік, лайықсыз айыптау және мұсылмандарға қарсы пікірлермен бетпе-бет келді. Ал, жалпы алғанда америкалық мұсылмандар қауымдастығының жағдайы - жақсы дәрежеде. Біз өз дінімізді ұстануда, әлеумет өміріне араласуда - еркінбіз. Сондықтан, кейбір Мұсылман елі деп аталатын мемлекеттермен салыстырғанда, мұнда сен біраз жайларда - азатсың”, - деді Хупер мырза.

Оның айтуынша, Түркияның дінді мемлекеттен бөліп ұстауға ұмтылысы ретінде әйелдерге өкіметтік ғимараттарда орамал тартуға тиым салынуы және Өзбекстанда Ислам дініне саяси келіспеушілік ретінде қарап, оған тиым салуға тырысушылық осы айтылғанның нақты дәлеліндей.

11-ші қыркүйек оқиғасынан бері кейбір нәрселер өзгерген. Алайда, Хупер мырзаның айтуынша діни бостандыққа байланысты Америкада ұзақтан бері келе жатқан дәстүр бұл елдегі мұсылмандардың еркін өмір сүруіне мүмкіндік туғызуда. Сондай-ақ, Америка қауымдастығымен бірлесуде мұсылмандар да көп еңбек етіп келеді, деді ол.
XS
SM
MD
LG