Accessibility links

Венесуелада құлаған жолаушы ұшағының екінші "қара жәшігі" табылды


Екі жәшіктің біріншісі сейсенбі күні табылған. Колумбиялық ұшақтың апатында 160 адам қаза тапты. Азаматтық қорғаныс қызметінің бастығы Антонио Риверо олардың 90 пайызынан астамының мүрделері табылды деді. Апат алдында ұшқыштар екі моторда ақау шықты деп хабарлап үлгерген. Колумбиялық ұшқыштар одағы "Вест Карибиан Эйрлайнз" компаниясының ұшақтарында қауіпсіздік мәселесі қиын екенін бірнеше рет ескерткенбіз деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG