Accessibility links

Израиль қонысшысы төрт палестиндік азаматты атып өлтірді


Оқиға Израиль әскері еврей қонысшыларын күшпен шығара бастағанда орын алды. Швут Ракель қонысы тұрғындарының бірі сарбазды пышақпен қорқытып, қаруын тартып алған соң көзіне түскен төрт палестиндік жұмысшыны атып тастады. Палестина президенті Махмұд Аббас адам өлтіру оқиғасын еврей қоныстарының шығарылуына тосқауы қою деп қабылдады. Израиль бас министрі Ариель Шарон да осындай сарында пікір айтты. АҚШ сыртқы істер министрлігі оқиғаға алаңдаушылық танытты. Газа секторының оңтүстігінде қонысшыларды шығарып жатқан Израиль әскерінің бекетіне палестиндік жауынгерлер кеше мина атты. Жоспар бойынша Израиль Газа секторынан және Батыс Жағалаудан 25 еврей қонысын әкету керек. Олардың жетеуінен еврей қонысшылары толық әкетілді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG