Accessibility links

Революция кезінде Ресейге жалтақтаған сепаратист қамалды


Украина шығысында автономиялық аймақ құру керек деп ұрандатқан Харьков облысы бұрынғы басшыларының бірі Евгений Кушнарев кеше қамауға алынды. Украина бас прокуратурасы Евгений Кушнарев аса үлкен сомада мемлекет қаржысын жымқырды, қазнаға 1600 мың доллар шығын әкелді деп айыптады. Евгений Кушнаревтің өкілдері ол прокуратураға басқа мәселе бойынша, автономиялық аймақ ұранын былтыр айтқаны бойынша шақырылған еді деп мәлімдеді. Евгений Кушнарев Шығыс Украинаның кей аймақтары Батыс Украинадан бөлінсін деп былтыр ашық айтқан.
XS
SM
MD
LG