Accessibility links

Египет елбасы мемлекет басында 30 жыл отырмақ


Египетте кеше президенттік сайлау науқаны басталды. Ел астанасынан түскен мәліметтерге қарағанда, науқанның басталғаны онша сезілмейді. Президент Хосни Мубарак алтыжылдық келесі мерзімге сайлануға осымен бесінші рет түсіп отыр, ол елді жалпы 24 жыл үзіліссіз басқарып келеді. Египетте президенттік сайлау ешқашан баламалы болмаған. Хосни Мубарак кешегі сөзінде жалақыны көтереміз, жастарға көбірек жұмыс береміз, денсаулық сақтау жүйесін жақсартамыз, 24 жылға созылған төтенше жағдай тәртібін тоқтатамыз деп уәде айтты. Дауыс беру күні 7 қыркүйекке белгіленді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG